Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау бойынша дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігімен Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірленді.

Заң жобасы ірі өнеркәсіптік өндірістердің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында авариялар, қауіпті өндірістік объектілердегі оқыс оқиғалар кезінде туындайтын қауіпті өндірістік факторлардың персонал мен халыққа зиянды әсерінің алдын алуға бағытталған технологиялық аудит жүргізуге бағытталған.

Заң жобасы қабылданғаннан кейін ұйымның барлық қауіпті өндірістік объектілерінің нақты жай-күйін бағалауға және қауіпті өндірістік объектінің үздіксіз өндірісіне алып келетін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Жан-жақты қарап, бір ұстанымды қалыптастыру мақсатында аталған жоба қоғам өкілдері мен мүдделі тұлғалардың талқылауына ұсынылатын болады, ағымдағы жылғы 21 ақпандада сағат 11-00-де онлайн режимінде «zoom» өтеді (байл.тел. 24-86-36).