Азаматтық қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы заң жобасы туралы

Азаматтық қорғау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы заң жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 қазандағы № 956 қаулысымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.

Әзірленген заң жобасы шеңберінде өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлігінде мыналар ұсынылады:

- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органға қауіпті өндірістік объектілерді жаңарту мен техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарын келісу бойынша өкілеттіктер беру, сондай-ақ ұйымдардың оны уақтылы орындау жөніндегі міндетін белгілеу;

- өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің қызметін олардың өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамамен бірізділікке келтіру жолымен реттеу;

- қауіпті өндірістік объектілерде зиянды өндірістік факторлардың пайда болуының алдын алу мақсатында ұйымның бірінші басшысына тікелей бағынып, жеке өндірістік бақылау қызметін құру жөніндегі ұйымдардың міндетін бекіту ұсынылады;

- өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын білу деңгейін ұстап тұру және ұйымдар басшыларының жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ ТМД елдерінің заңнамаларын қолдану практикасын енгізу үшін ұйым басшыларының емтихан тапсыруына байланысты нормаларды көздеу;

- құқық нормаларын дұрыс түсіндірмеу мақсатында «қауіпті техникалық құрылғылар» ұғымын нақтылау.

Бұл түзетулер қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде заң жобасын қарау жөніндегі жұмыс тобы құрылуда.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті