Алматы облысында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті

Алматы облысында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті

2023 жылғы 9 қарашада Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Кенесұлы Құдайбергеновтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті.

Отырыс жұмысына Алматы облысының аудандары мен қалаларының әкімдері, ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Р.М. Шаяхметов және Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Д.Б. Қасымов қатысты.

Отырыста жылу маусымы кезеңінде жылу энергетикасы және әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі төтенше және авариялық жағдайларды болдырмау туралы мәселе талқыланды.

Кеңес барысында Р.М. Шаяхметов жылу беру маусымы кезеңінде жылу энергетикасы және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде төтенше және авариялық жағдайлардың туындауына жол бермеуге бағытталған негізгі іс-шаралар жөніңде қатысушылардың назарына жеткізді.

Отырыс қорытындысы бойынша орындау мерзімдерін белгілей отырып, комиссиямен шешімдер қабылданып, мүдделі облыстық қызметтерге, аудандар мен қалалардың әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Алматы облысы бойынша департаменті