
2023 жылғы 09 қарашада ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің алаңында өзін-өзі реттейтін ұйымдар өкілдерінің («Независимая Газовая Ассоциация» ЗТБ, «Биіктіктегі жұмыстарды және өнеркәсіптік альпинизмді өндірушілердің өзін-өзі реттейтін ұйымы» қауымдастығы нысанындағы ЗТБ, «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ РЕГИСТР» ЗТБ, «Ғимараттар мен құрылыстар, өнеркәсіптік нысандар, жабдықтар және коммуникациялар қауіпсіздігін талдау жөніндегі ассоциация» ӨӨРҰ ЗТБЖЖК) қатысуымен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзін-өзі реттеу мәселелері бойынша кеңес өтті.
Іс-шара барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында өзін-өзі реттеуді енгізуге байланысты негізгі мәселелер талқыланды.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің өкілдері аталған мәселелерді бірлесіп пысықтау және қызметтің жекелеген салаларында өзін-өзі реттеуді енгізу мүмкіндігіне талдау жүргізу қажеттігін атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша өзін-өзі реттеуді енгізудің негізгі мәселелерін сапалы пысықтау мақсатында кеңеске қатысушыларға ұсынымдар дайындалды.
Сондай-ақ Кәсіпкерлік кодекстің 141-бабының 9-тармағына сәйкес өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшелері (қатысушылары) жоғары тәуекел дәрежесі бар ақпараттық жүйені қолдана отырып, өздерінің қызметінің нәтижелерін тану туралы келісімнің қолданылу кезеңіне (2 жыл) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдің орташа дәрежесіне ауыстырылатынына кәсіпкерлердің назарын аударамыз.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті