Абай облысында үшжақты комиссияның отырысы өтті

Абай облысында үшжақты комиссияның отырысы өтті

Абай облысы әкімі Н. Уранхаевтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында өндірістік жарақаттанудың алдын алу, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, құрылыс учаскелерінде жүк көтергіш механизмдерді пайдалану және облыстың өндірістік объектілерінде жалақыны арттыру мәселелері талқыланды.

Осы отырыста жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Ж. Мырзағали баяндама жасады.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі қалалар мен аудандардың әкімдеріне «Елдің құрылыс объектілерінде өндірістік жарақаттанудың алдын алу және жүк көтергіш механизмдерінің (мұнара крандары) операторларымен байланысты өлім жағдайларын азайту жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған жол картасы» орындау бойынша тапсырма берді.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Абай облысы бойынша департаменті