«Мұнай-газ саласындағы қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі» тақырыбындағы семинар-кеңес

«Мұнай-газ саласындағы қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі» тақырыбындағы семинар-кеңес

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Самат Косаевич Казакбаевтың төрағалығымен онлайн режимінде «Мұнай-газ саласындағы қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңеске Комитеттің бейінді басқармасының қызметкерлері, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстары бойынша аумақтық департаменттерінің басшылары, сондай-ақ «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «НКОК» Филиалы, «Теңізшевройл» ЖШС, «Ембімұнайгаз»АҚ, «Тарбағатай Мұнай» ЖШС, «Qazaq Gaz барлау және өндіру» ЖШС, «Қарашығанақ петролеум оперейтинг Б.В.» КҚ, «Жайықмұнай» ЖШС, «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «Қазгермұнай» БК ЖШС, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Бозашы Мұнай» ЖШС жер қойнауын пайдаланушылар кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Кеңес барысында С.К. Казакбаев кеңестің қатысушыларына еліміздің мұнай-газ саласындағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде Комитеттің негізгі стратегиялық бағыттары туралы айтып берді, ал қатысушылар бірқатар проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысындағы № 303 «Қаратұрын Южный» кен орнындағы апатты жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті