2023 жылдың 9 айдағы қызмет қорытындылары бойынша Комитет алқасының отырысы өтті

2023 жылдың 9 айдағы қызмет қорытындылары бойынша Комитет алқасының отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінде 2023 жылдың 9 айдағы қызмет қорытындылары бойынша Комитет алқасының отырысы өтті.

Отырысқа құрылымдық бөлімшелердің басшылары, Комитеттің аумақтық департаменттерінің басшылары және шақырылған қонақтар қатысты.

Күн тәртібі бойынша бақылау және қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) барумен профилактикалық бақылау және қадағалау тізіміне сәйкес бақылау-қадағалау іс-шараларын жүзеге асыру, қызметтің нормативтік мерзімі өтелген қауіпті өндірістік құрылғыларды жаңарту жөніндегі жиынтық жоспарды орындау, тәртіптің жай-күйін, заңдылықты және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды.

Отырыс барысында аумақтық департаменттер басшыларының баяндамалары тыңдалды. Сонымен қатар,

Отырыс қорытындысы бойынша Комитет қызметінің барлық бағыттарын жетілдіру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, төраға Е.А. Баймулдинов сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға және еңбек тәртібін сақтауға бағытталған алдын алу іс-шараларын жүргізуді күшейтуді тапсырды.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті