Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлар арасында біліктілікті арттыру

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлар арасында біліктілікті арттыру

Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясының алаңында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлардың біліктілігін арттыру курстары өз мәресіне жетті.

Курстарға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесіне жаңадан қабылданған мамандары қатысты.

Сонымен қатар, Академия оқытушылары мен өнеркәсіптің бейінді салаларында тиісті біліктілігі бар Комитеттің қызметкерлері дәрістер оқыды.

Комитет жыл сайын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы білікті мамандарды даярлау мақсатында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлар арасында осындай курстар өткізетін болады.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті