
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Елухан Әділханұлы Баймулдинов Абай облысына жұмыс сапары барысында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтық қорғау қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы» тақырыбында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің жеке құрамымен семинар-кеңес өткізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қабылданып жатқан шаралары, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғаудың кешенді жүйесі, парасаттылыққа тексеруді енгізу, барлық мемлекеттік қызметшілер үшін міндетті қызметтік әдеп стандарттары, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңындағы өзгерістер туралы, азаматтық қоғамның қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуы жөніндегі мәселелерді талқылады.
Кеңес қорытындысы бойынша төраға Департамент қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, төраға Департаменттің ағымдағы қызметі бойынша, сондай-ақ Департаментітің қызметкерлерінің жеке сипаттағы мәселелер бойынша жеке қабылдауын өткізді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті