
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен 2023 жылғы екінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субьектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес, «ССКӨБ» АҚ Көлік кешенінің қауіпті өндірістік объектілерінде профилактикалық бақылау жүргізілді.
Кәсіпорынның негізгі қызметі темір рудасын өндіру және өңдеу болып табылады.
Профилактикалық бақылау барысында: әлсіз тау-кен темір жол көлігі цехы, автокөлік цехы, жол шаруашылығы мен құрылыстар цехы, компрессорлық станция және басқалары тексеріліп, бұл ретте Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 22 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен профилактикалық бақылау қорытындысы туралы акті және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ ӨҚК Қостанай облысы бойынша департаменті