Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары

Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Елухан Әділханұлы Баймулдинов Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтық қорғау қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы» тақырыбында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жеке құрамымен семинар-кеңес өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қабылданып жатқан шаралары, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғаудың кешенді жүйесі, парасаттылыққа тексеруді енгізу, барлық мемлекеттік қызметшілер үшін міндетті қызметтік әдеп стандарттары, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңындағы өзгерістер туралы, азаматтық қоғамның қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуы жөніндегі мәселелерді талқылады.

Кеңес қорытындысы бойынша төраға Департамент қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, Комитет төрағасы «Kazzink» ЖШС мыс зауытына барып, онда Атқарушы директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Опарин Андрей Иванович кәсіпорынның қызметімен таныстырды, еліміздің алты өңірінде орналасқан объектілердегі өндірістік процестер туралы, жаңа технологияларды дамыту, озық тәжірибелерді енгізу, адамға зиянды әсерді азайту және өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайту, сондай-ақ авария мен инциденттердің туындауын болдырмау туралы айтып берді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті