Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қызметімен танысты

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің қызметімен танысты

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Сырым Дүйсенғазыұлы Шәріпханов Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінде болып, қызметімен танысты.

Кездесу барысында Комитет төрағасы Елухан Әділханұлы Баймулдинов Комитет пен оның аумақтық департаменттері қызметінің нәтижелері туралы баяндап, Комитетті дамытудың және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамалық актілерді жетілдірудің алдағы жоспарлары туралы айтып берді.

Министр Комитет басшылығының алдына бірқатар міндеттер қойып, Комитеттің жеке құрамын алдағы мерекемен құттықтады, жұмыста және қойылған мақсаттарды іске асыруда табыс тіледі.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті