Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлар арасында біліктілікті арттыру

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлар арасында біліктілікті арттыру

Бүгін Көкшетау қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының алаңында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлардың біліктілігін арттыру курстары басталды.

Курстарды өткізудің мақсаты кәсіби қызметті жүргізу үшін қолда бар біліктілік шеңберінде құзыреттіліктерді жетілдіру, қауіпті өндірістік объектілерді қауіпсіз пайдалануды регламенттейтін нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтау мәселелерін зерделеу, тәжірибе алмасу және практикалық дағдылар жиынтығы болып табылады.

Курстың негізгі тыңдаушылары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық департаменттерінен өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесіне жаңадан қабылданған мамандар болып табылады.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетімен жыл сайын өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторлар арасында осындай біліктілікті арттыру курстарын өткізу жоспарлануда.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті