Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес

Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес

Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес халықты және аумақтарды өнеркәсіптік авариялардан қорғау саласындағы саясатты айқындауда жетекші рөл атқарады және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерімен қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді іске асыру үшін құрылған.

Өткен жылы Қазақстан Республикасы Мемлекетаралық кеңестің қабылдаушы тарабы болды және оның төрағалығын жүзеге асырды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің XXI отырысы ағымдағы жылдың қазан айының басында Өзбекстан Республикасында (Ташкент қаласы) өтті, оның барысында Мемлекетаралық кеңес төрағалығының өкілеттіктері, сондай-ақ өтпелі Естелік белгі Өзбекстан Республикасы Өнеркәсіптік қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Бахтиер Вахобович Гулямовқа берілді.

Отырысқа Ресей, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан Республикалары делегацияларының өкілдері, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінің өкілі қатысты.

Мемлекетаралық Кеңестің отырысы барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін дамытудың өзекті тенденциялары, атап айтқанда заңнамалық өзгерістер, қауіпсіздіктің жай-күйін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру әдістемесі, персоналды оқыту, даярлау, қайта даярлау және аттестаттау әдістері, өнеркәсіп салаларындағы қауіпті өндірістік объектілерді реттеу талқыланды.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Елухан Әділханұлы Баймулдинов кеңестің 2022-2023 жылдар кезеңіндегі қызметінің қорытындылары, оның ішінде есепті кезеңдегі кеңестің барлық қабылданған шешімдерін іске асыру туралы айтып берді.

Мемлекетаралық кеңестің қорытындысы бойынша қатысушы елдер делегацияларының өкілдері кеңестің 2023-2024 жылдарға арналған жұмыс жоспарын бекітті, оның ішінде келесі жылы Тәжікстан Республикасында кезекті отырысты өткізу туралы шешім қабылданды.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті