Мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелері жөніндегі семинар-кеңес

Мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелері жөніндегі семинар-кеңес

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Е.А. Баймулдинов мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізді.

Кеңеске Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің және оның аумақтық департаменттерінің, Мемлекеттік материалдық резерв комитетінің, «РЕЗЕРВ» РМК қызметкерлері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аға прокуроры Т.К. Мукашева, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Превенция қызметінің аса маңызды істер бойынша офицері Ж.Ж. Жылкышиева, «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалының жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы В.В. Савкин, Мемлекеттік материалдық резерв комитеті төрағасының орынбасары Д.Т. Султанов, Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті КТЖБ Жеке құрам бойынша инспекциясының бас маманы Б.Ж. Кожакеев қатысты.

Семинар-кеңестің мақсаты қолданыстағы заңнаманың талаптарын түсіндіру, оларды қолдану және бақылау-қадағалау іс-шараларын жүзеге асыру кезінде сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін сақтау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Кеңес барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің нормаларын, профилактикалық бақылау тізімдерін қалыптастыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамадағы өзгерістерді талқылады, сондай-ақ қызықтырған мәселелер бойынша жауаптар алынды.

Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы бейнероликтерді көрсетілді.

Кеңес соңында төраға қызметкерлердің қолданыстағы заңнама, еңбек және қызметтік тәртіп талаптарын сақтауы бойынша бірқатар тапсырмалар мен ұсынымдар берді.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті