
2023 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік инспекторлары «Оңтүстік Қаратурұн» кен орнының № 303 авариялық ұңғымасына тексеру жүргізді.
Комитеттің мемлекеттік инспекторлары 2023 жылғы 21 қыркүйекте ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ғимаратында Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің, «Бозашы Мұнай» ЖШС, «Caspian Drilling LLP» ЖШС, «Заман Энерго» ЖШС, «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС «Ак Берен» Маңғыстау филиалының және «Ғылыми-өндірістік орталық» ЖШС басшыларының қатысуымен кеңес өткізді.
Кеңесте Аварияны жою жөніндегі жедел штаб басшылары, «Бозашы Нефть» ЖШС, «Caspian Drilling LLP» ЖШС, «Заман Энерго» ЖШС және «Ғылыми-өндірістік орталық» ЖШС басшылары тыңдалды.
Сондай-ақ, аварияны жоюдың қабылданған әдістері және Аварияны жоюдың жедел штабының іс-қимылдары бойынша мәселелер талқыланды.
Кеңес нәтижелері бойынша ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысына тиісті тапсырмалар және Апатты жою жөніндегі жедел штабқа ұсынымдар берілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті