
2023 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің мемлекеттік инспекторлары «Бозашы Оперейтинг ЛТД» ФК қауіпті өндірістік объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу кезінде «№ 2 өлшеу қондырғысындағы H-G202 сепаратор-жылытқышындағы өрт» тақырыбында аварияға қарсы дабыл беру және аварияға қарсы оқу-жаттығуларына қатысты.
Аварияға қарсы жаттығудың мақсаты объектінің авария мен инцидентті жоюға дайындығын анықтау, персоналдың жою кезіндегі өз іс-әрекеттерін білуі, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету болып табылады.
Оқу дабылы мен аварияға қарсы оқу-жаттығулардың нәтижелері бойынша Комитетітің мемлекеттік инспекторларымен аварияны жоюға тартылған персоналдың іс-қимылдарына бағалау жүргізіліп, «Бозашы Оперейтинг ЛТД» ФК және авариялық-құтқару қызметтерінің персоналы тарапынан іс-қимылдарға ескертулер көрсетілді, оларды болашақта қайталамау бойынша ұсынымдар берілді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті