
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Елухан Әділханұлы Баймулдинов AG TECH Қазақстандық IT-компаниясының кеңсесіне барды.
Кездесу барысында тау-кен кәсіпорындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атап айтқанда шахталарда персонал мен техниканы орналастыру бойынша өзекті мәселелер көтерілді.
AG TECH өкілдері компанияның флагмандық өнімі – өнеркәсіптік қауіпсіздіктің барлық талаптарына сәйкес келетін DMMS өндірісті басқару жүйесінің мүмкіндіктерін көрсетті. Сондай-ақ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС және «KAZZINC» ЖШС нысандарында жүйені енгізу тәжірибесімен бөлісті.
Бұл кездесу AG TECH компаниясы ұсынған Қазақстан Республикасының тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарында жарақаттануды қысқартуды қамтамасыз етуге және жазатайым оқиғалардың алдын алуға қатысты заңнамаға түзетулер енгізу жөніндегі бастама шеңберінде өтті.
Әлемдік стандарттар мен халықаралық тәжірибені, оның ішінде ЕАЭО елдерін зерделеу нәтижелері бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында тау-кен жұмыстарын жүргізу қауіпсіздігін ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жүйелер мен құралдар кешенін енгізу бойынша бірқатар шешімдер ұсынылды. Сондай-ақ, Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына және Көмір шахталарының қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына толықтырулар жобалары әзірленді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті