«КазАзот» АҚ профилактикалық бақылау қорытындылары

«КазАзот» АҚ профилактикалық бақылау қорытындылары

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен 2023 жылғы екінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субьектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес, «КазАзот» АҚ қауіпті өндірістік объектілері мен қауіпті техникалық құрылғыларына профилактикалық бақылау жүргізілді.

Кәсіпорынның негізгі қызмет түрі аммиак селитрасын өндіру болып табылады.

Профилактикалық бақылау барысында әлсіз азот қышқылы цехы, аммиак өндірісі, күрделі минералды тыңайтқыштар өндірісі және т.б. тексеріліп, бұл ретте Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 13 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акті және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Химия өнеркәсібінің қауіпті өндірістік объектілері үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және  «Компрессорлық станцияларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті