4 тамызда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Вице-министрі М.К. Пішембаев «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастыруымен өткен II Жыл сайынғы өндірістік қауіпсіздік форумына қатысты.
Форумның күн тәртібінде өндірістегі қауіпсіздік, көшбасшылық және қауіпсіз мінез-құлық мәдениеті саласындағы мәселелер, сондай-ақ жарақаттану деңгейін төмендету үшін қабылданатын шаралар талқыланды.
Форумға шақырылғандардың қатарына мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, «Самұрық-Қазына» АҚ Қорының директорлар кеңесінің мүшелері, оның ішінде Қоғамдық кеңес мүшелері, портфельдік компаниялардың және олардың еншілес және тәуелді ұйымдарының бірінші басшылары, шетелдік қауымдастықтар мен компаниялардың өкілдері қатысты.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті