Елухан Баймұлдинов ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды

Елухан Баймұлдинов ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Елухан Әділханұлы Баймұлдинов Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Елухан Баймұлдинов 1967 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетін және «Темірқазы» институтын бітірген.

Еңбек жолын 1985 жылы Алматы облысы, Киров ауданы, «Еңбекші» совхозында бастаған.

1995-1999 жылдары – «Шаған» Сауда үйінде дайындаушы;

1999-2003 жылдары – Алакөл ауданы, Достық станциясы, «Достық» кеденінің инспекторы, аға инспекторы, талдау бөлімінің бастығы;

2003-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің «Қалжа» кеден пунктінің бастығы;

2005-2006 жылдары – Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті валюталық бақылау басқармасы бастығының орынбасары;

2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Бақты» кеден пунктінің бастығы;

2010 жылы – Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының Автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің бас маманы;

2010-2013 жылдары – «Жетісу» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы бастығының Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша орынбасары – Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша бас мемлекеттік көлік инспекторы – Қазақстан Республикасы ККМ Көліктік бақылау комитеті филиалының басшысы;

2013-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары, басшысы;

2018-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы;

2020-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы;

2022 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы қызметін атқарды.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті