Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Мереке Құдайбергенұлы Пішембаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтық қорғау қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы» тақырыбында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасарының Башевтың Т. М., Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы бақылау басқармасының басшысы Э.Т. Турсынкановтың, «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облысы филиалының атқарушы хатшысының орынбасары А.О. Байжанованың, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы А.К. Токановтың, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің аумақтық департаменттерінің басшыларының (онлайн форматта) және Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің жеке құрамының қатысуымен семинар-кеңес өткізді.
Кеңеске қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданып жатқан шараларды, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамдарды қорғаудың кешенді жүйесін, парасаттылыққа тексеруді енгізуді, барлық мемлекеттік қызметшілер үшін міндетті қызметтік әдеп стандарттарын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер туралы, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы азаматтық қоғамның рөлі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы «AMANAT» партиясы филиалдарының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің атқарып жатқан жұмыстарын талқылады.
Кеңес қорытындысы бойынша Вице-министр азаматтық қорғау қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.
Сонымен қатар, Вице-министр «Kazzink» ЖШС компаниясының мұражайына барып, онда Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директор Д.С. Тилиляев кәсіпорынның қызметімен таныстырды, еліміздің алты өңірінде орналасқан объектілердегі өндірістік процестер туралы, жаңа технологияларды дамыту, адамға зиянды әсерді азайту және өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайту, сондай-ақ апаттар мен инциденттердің туындауын болдырмау мақсатында озық тәжірибелерді енгізу туралы айтып берді.
Еске салар болсақ, 2022 жылдың сәуір айында «Kazzink» ЖШС және ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі арасында «Өнеркәсіптік қауіпсіздік инспекторы» пилоттық жобасын іске асыру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, оның шеңберінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспектордың бұрын анықталған бұзушылықтар бойынша нұсқаманың орындалу барысын онлайн форматта қарауға мүмкіндігі бар.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті