«РУ-6» ЖШС профилактикалық бақылау нәтижелері

«РУ-6» ЖШС профилактикалық бақылау нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен 2023 жылғы бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субьектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес, «РУ-6» ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне профилактикалық бақылау жүргізілді.

Кәсіпорынның негізгі қызметі құрамында уран бар шикізатты жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен өндіру және өңдеу болып табылады.

Профилактикалық бақылау барысында 56 объекті (өңдеу кешені, күкірт қышқылы мен аммиак селитрасы қоймалары, технологиялық полигон, технологялық ұңғымалар) тексеріліп, бұл ретте Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 18 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акті және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Өнеркәсіптің химия саласындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Қызылорда облысы бойынша департаменті