ТЖ министрі Сырым Шәріпханов өндірістік объектілердегі ТЖ-ның негізгі себептерін атады

ТЖ министрі Сырым Шәріпханов өндірістік объектілердегі ТЖ-ның негізгі себептерін атады

Павлодар облысының тұрғындарымен кездесуде Сырым Шариханов өңірде жұмыс істеп жатқан ірі өнеркәсіптік кешендерін атады. Мәселен, өңірде «Богатырь Көмір» (көмір өндіру), «Ақсу ферроқорытпа зауыты» (ферроқорытпа өндірісі), «Қазақстан алюминийі» (глинозем, электр энергиясын өндіру), «Павлодар мұнай-химия зауыты» (мұнай өнімдерін өндіру) сияқты ірі өнеркәсіптік кешендер жұмыс істейді.

ТЖ министрлігі облыстың 170 кәсіпорнында өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша мемлекеттік қадағалау мен бақылауды жүзеге асырады. Барлығы 12 мыңнан астам қауіпті техникалық құрылғылар бақылауда бар.

2023 жылдың 5 айында екі жүзден астам объекті тексеріліп, 150-ден астам бұзушылық анықталды.

«Өндірістік объектілердегі ТЖ-ның негізгі себептері өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтамау, тозған жабдықтарды пайдалану, оларды уақтылы алмастыру және жаңғырту, сондай-ақ жұмыскерлерді қанағаттанарлықсыз даярлау өндірістік авариялар мен инциденттерге әкеп соғады», - деп Павлодар облысының тұрғындарымен кездесу барысында Сырым Шәріпханов атап өтті.

ТЖ министрі Сырым Шәріпханов өндірістік кәсіпорындардың өкілдерін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.

 

 

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі