«Оңтүстік Қаратұрұн» кен орнындағы № 303 ұңғымадағы авария

«Оңтүстік Қаратұрұн» кен орнындағы № 303 ұңғымадағы авария

2023 жылы 9 маусымда сағат 03:25 шамасында (Ақтау қаласының жергілікті уақыты бойынша) «Бузачи нефть» ЖШС «Оңтүстік Қаратұрұн» кен орнының № 303 ұңғымасын «Заман Энерго» ЖШС мердігер ұйымы ұңғыманы бұрғылауды жүзеге асыру барысында, газдың шығуы кейіннен жануы орын алды.

15 маусымда «Бузачи Нефть» ЖШС нысандарындағы аварияны жою жоспарына сәйкес «Бузачи Нефть» ЖШС басшысының бұйрығымен «Бузачи Нефть» ЖШС Бас директорының өндіріс жөніндегі бірінші орынбасары бастаған аварияны жою жөніндегі жедел штаб құрылды, оның орынбасары болып «Ақ Берен» Маңғыстау филиалының директоры «КӘАҚҚ РО» ЖШС тағайындалды. Жедел штабтың құрамына «Ақ Берен» Маңғыстау филиалының КӘАҚҚ РО» ЖШС, «Заман Энерго» ЖШС, «Fire safety өртке қарсы қызметі» ЖШС, «Caspian Drilling LLP» ЖШС өкілдері кірді.

Аварияны жою үшін алдын ала ақпарат бойынша № 303 Каратурун Оңтүстік авариялық ұңғыманың жанында көлбеу бағытталған ұңғыманы бұрғылау үшін ашық газбұрқақты сөндіру туралы шешім қабылданды. Осы мақсаттар үшін «Ғылыми-өндірістік орталық» ЖШС жобалау ұйымы тереңдігі 470 метр № 303st көлбеу бағытталған «түсіру» ұңғымасын салуға жеке техникалық жоба әзірледі, ол шұғыл түрде қаралып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментімен келісілді.

Сондай-ақ, № 303st жаңа көлбеу-бағытталған «түсіру» ұңғымасын және алаңға кіреберіс жолды бұрғылауға арналған 100х100х0,03 метр өлшемді алаңның құрылысы аяқталды.

Қазіргі уақытта «Бузачи Нефть» ЖШС басшылығы қажетті жабдықтармен жаңа көлбеу бағытталған ұңғымаларды бұрғылау үшін компанияны таңдау бойынша келіссөздер жүргізуде.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті апта сайын аварияны жою бойынша қабылданған және қабылданатын шаралар туралы ақпарат жинай отырып, сонымен қатар, аварияны жою бойынша қабылданатын шаралар бойынша Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен кеңестер өткізіліп отыр.

Бүгінгі күні № 303 «Оңтүстік Қаратұрын» ұңғымасында тәулік бойы 1 өрт сөндіру машинасымен «Ақ Берен КӘАҚҚ РО» ЖШС және «FIRE SAFETY өртке қарсы қызметі» ЖШС 8 адамнан тұратын жасақ кезекшілік жүргізуде.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті