Астана қаласында мұнара кранының құлауына қатысты ақпарат

Астана қаласында мұнара кранының құлауына қатысты ақпарат

2023 жылдың 18 маусымында сағат 19:30-да мұнара кранының құлауы туралы ақпарат келді. Бұл жерге Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша Департаментінің инспекторы дереу жіберілді.
Осылайша, құрылыс учаскесінде «GREENLINE.ASYL MURA С блогы тұрғын үй кешені», Астана қаласы, Нұра ауданы, Е-10, Е-51, Е-305 (жобалық атаулар) көшелерінің қиылысы Қ. Мұхамедханова мекен жайында орналасқан.
Қолайсыз ауа-райының, атап айтқанда дауылды желдің салдарынан пайдаланылмайтын КБМ - 401П мұнара кранының (зауыттық нөмірі 497, ПК – 1138 тіркеу нөмірі) құлауы орын алды, бұл ретте жақын тұрған КБ-503 Б.2 мұнара кранының жебесін (Invest city ЖШС крандарының иесі) қағып кетті. Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта Департамент апатты тергеу жөніндегі комиссия құруда.