
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары С.К. Казакбаевтың төрағалығымен Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінде Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті, «Бозашы Нефть» ЖШС, «Caspian Drilling LLP» ЖШС, «Заман Энерго» ЖШС, «КӘАҚҚ» РОШ» ЖШС «Ақ Берен» Маңғыстау филиалының және «Научно-производственный центр» ЖШС басшыларының қатысуымен кеңес өтті.
Бұл кеңестің күн тәртібінде – «Бозашы Нефть» ЖШС «Қаратурун Южный» кен орнының № 303 ұңғымасындағы аварияны жою бойынша қабылданып жатқан жедел шаралар мен іс-қимылдар тақырыбы болды.
Кеңесте аварияны жою бойынша қабылданып жатқан әдістер, аварияны жоюдың жедел штабының іс-қимылдары, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің және Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің жедел іс-қимылдары талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша аварияны жою бойынша Департаменттер мен ұйымдардың басшыларына тиісті тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.
ҚР ТЖМ ӨҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті