«Интеринж-Алматы» ЖШС профилактикалық бақылау нәтижелері

«Интеринж-Алматы» ЖШС профилактикалық бақылау нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен 2023 жылғы бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес, «Интеринж-Алматы» ЖШС қауіпті өндірістік объектілеріне профилактикалық бақылау жүргізілді.

Кәсіпорынның негізгі қызметі жобалау қызметі, барлау жұмыстары, иондаушы сәулеленуді тудыратын құрылғылар мен қондырғылармен жұмыс істеу, радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар құрылғылармен және қондырғылармен жұмыс істеу; ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәулеленудің радиоизотоптық көздерін, радиоактивті қалдықтарды тасымалдау, оның ішінде транзиттік тасымалдау болып табылады.

Профилактикалық бақылау барысында иондаушы сәулелендіру көздері тексеріліп, бұл ретте Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының 2 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акті және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Иондаушы сәулелендіру көздерімен жұмыс істеген кезде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті