Алдағы мерекелер қарсаңында мемлекеттік инспекторлар лайықты марапаттарға ие болды

Алдағы мерекелер қарсаңында мемлекеттік инспекторлар лайықты марапаттарға ие болды

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күнін мерекелеу қарсаңында қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы келесі мемлекеттік инспекторлар:

- «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен Еркин Умирзакович Дуйсенбаев, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Тау-кен-металлургия өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау басқармасының бас сарапшысы және Саян Ерінұлы Жұманәлиев, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің Салааралық қадағалау бөлімінің басшысы;

- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің грамотасымен Эмилиюс Дрявининкайтис, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Талдау, жоспарлау және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы және Мейрам Қадырұлы Ахметов, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Салааралық қадағалау бөлімінің басшысы;

- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің алғыс хатымен Данияр Әнуарбекұлы Шаханов, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Мұнай-газ өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау басқармасының бас сарапшысы және Нұрсұлтан Сәбитқалиұлы, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Қазандық, газ шаруашылықтары және көтерме құрылыстар объектілерін мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы марапаттарға ие болды.

Бұдан басқа, Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалануды мемлекеттік қадағалау басқармасының бас сарапшысы Берік Жұмабекұлы Таусаровқа және Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Тау-кен өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы Елубай Әбілқайырұлы Мансұровқа алғыс жарияланды.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті