Семей қаласында өткен актив

Семей қаласында өткен актив

Семей қаласында Абай облысының кәсіподақтар Үйлестіру Кеңесі Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне және қауіпсіз еңбек жылына арналған актив ұйымдастырды.Ұйымдардың кәсіподақ көшбасшылары, еңбекті қорғауға жауапты еңбек қорғау техникалық инспекторларының қатысуымен өткен активке «Абай облысы бақылау басқармасы (МСҚБ, Еңбек инспекциясы) ММ, «Абай облысы СЭБД» РММ мен ҚР ТЖМ ӨҚК Абай облысы бойынша Департаменті өкілдері де шақырту алды.

Аталмыш шарада Департаменттің бөлім басшысы Саков М.К. өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ҚР НҚА еңгізілген өзгертулер мен Департаменттің Абай облысы аумағында авариялар мен инциденттердің алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы баяндама оқыды.

Актив соңында ерекше еңбегімен көзге түскен техникалық инспекторлар құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Абай облысы бойынша департаменті