Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде мұнаралы крандарын пайдаланатын ұйым өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілердегі өзгерістер, сондай-ақ мұнаралы крандарын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын өндірістік бақылау туралы нұсқаулығы, өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін тексеру кестесін әзірлеу, өндірістік бақылау журналын толтыру және мұнаралы крандарын пайдалану кезінде өндірістік бақылауды жүзеге асыру процесі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Дөңгелек үстелге қатысушылар өзекті мәселелерді талқлап, пікір алмасты.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушыларға мұнаралы крандарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттілігі туралы жадынама таратылды.
ҚР ТЖМ ӨҚК Алматы қаласы бойынша департаменті