
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен 2023 жылғы бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субьектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес, «ҚОР» Мұнай компаниясы» АҚ-ның қауіпті өндірістік объектілеріне профилактикалық бақылау жүргізілді.
Кәсіпорынның негізгі қызметі шикі мұнай мен табиғи газ өндіру болып табылады.
Профилактикалық бақылау барысында 70 объекті (Ащысай кенішінің ұңғымалары, мұнай жинау пункті, мұнай дайындау қондырғысы, өлшеу қондырғысы, топтық қондырғысы, сығынды сорап станциясы, қабылдау-өткізу пункті, құбырлар, коллекторлар) тексеріліп, бұл ретте Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының 24 бұзылуы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акті және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ ӨҚК Қызылорда облысы бойынша департаменті