Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия өнеркәсібінің қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін талдау

Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия өнеркәсібінің қауіпті өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйін талдау

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті және оның аумақтық департаменттері республиканың тау-кен, металлургия, көмір өнеркәсібінде, сондай-ақ жарылыс жұмыстарын және өнеркәсіптік мақсаттағы жарылғыш материалдармен жұмыстарды жүргізетін ұйымдарда бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады.

Тау-кен өнеркәсібі экономиканың негізгі салаларының бірі болып табылады, еліміздің экономикасының экономикалық өсуі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді, сонымен қатар ауқымды көліктік-логистикасы, қызмет көрсету және қайта өңдеу инфрақұрылымына екпін береді.

Бүгінгі таңда тау-кен өндіру саласында Комитетте 862 кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде 59 кеніш және 122 қатты пайдалы қазбаларды өндіру карьері, 14 шахта және 30 көмір өндіру разрезі, 57 байыту фабрикасы, сондай-ақ қосалқы жұмыстарды орындайтын тау-кен өндіру саласындағы кәсіпорындар: тау-кен қазу, геологиялық барлау, бұрғылау, жарылыс жұмыстары, кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстарын орындайтын кәсіпкерлік субъектісінің жалпы саны 745 кәсіпорыны бар.

Республиканың ірі тау-кен кәсіпорындары: «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Еуразиялық Группа» ЖШС, «KAZ minerals» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақалтын ТМК» АҚ және тағы басқалар.

«Таза парақтан» реттеу шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды талдау нәтижелері бойынша Комитетпен «Тау-кен және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Жарылыс жұмыстарын және өнеркәсіптік мақсаттағы жарылғыш материалдармен жұмыс жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Қатты пайдалы қазбаларды қайта өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Жерасты құрылысжайлары мен метрополитендерді салу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларының» талаптары қарастырылып, сәйкесінше өзгерістер енгізілді.

Есепті кезеңде тау-кен металлургия өнеркәсібінің қауіпті өндірістік объектілерінде авариялар тіркелген жоқ.

 

ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті