
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен өтініш берушінің өтініші мен шағымы негізінде «EFE» (ЕФЕ) ЖШС жоспардан тыс тексеру жүргізілді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі металлургиялық өндіріс болып табылады.
Жоспардан тыс тексеру барысында қорғасын, оның негізіндегі қорғасын сынықтарынан жасалған қорытпаларды өндіру жөніндегі технологиялық кешен тексерілді. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарының 8 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 298-бабы 1 және 2-тармақтары бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жазалар қолданылды.
Жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда жоспардан тыс тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді
ҚР ТЖМ ӨҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті