«CAPITAL PROJECTS LTD» ЖШС профилактикалық бақылау жүргізу нәтижелері

«CAPITAL PROJECTS LTD» ЖШС профилактикалық бақылау жүргізу нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен 2023 жылғы бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес, «CAPITAL PROJECTS LTD» ЖШС қауіпті өндірістік объектілерінде профилактикалық бақылау жүргізді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі жылына өнімділігі 20 000 тоннаға дейін мұздатылған және салқындатылған түрдегі құс етін, жартылай фабрикаттарды және субөнімдерді өндіру және сату болып табылады.

Профилактикалық бақылау барысында 97 объекті (бу қазандықтары, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар, газгольдерлер) тексеріліп, бұл ретте Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 13 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акті және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптар» және «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Ақмола облысы бойынша департаменті