Батыс Қазақстан облысында газ жабдығын қауіпсіз пайдалану қағидалары туралы рейдтік іс-шара өткізілді

Батыс Қазақстан облысында газ жабдығын қауіпсіз пайдалану қағидалары туралы рейдтік іс-шара өткізілді

Халық арасында газ жабдығын пайдалану кезінде өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметкерлерімен Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті, Батыс Қазақстан облысы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы қызметкерлері, сондай-ақ «Aqjaiyq Jastary» еріктілерімен (волонтерлармен) бірлесіп, автогаз құю станцияларында және жатақхана мен тұрғын үй секторына рейдтік іс-шара өткізілді.

Рейдтік іс-шара шеңберінде жатақхана мен тұрғын үй тұрғындарына, автогаз құю станцияларының қызметкерлеріне өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидалары және газ жабдығын қауіпсіз пайдалану қағидалары түсіндірілді. Автогаз құю станцияларының иелері мен қызметкерлеріне тұрмыстық газ баллондарын толтыруға тиым салу туралы ескертілді және жадынамалар таратылды.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті