
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтың өкілдері – Р.Б. Супугалиев және Д.Р. Жаксыбеков, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы – Ш.М. Турдуев, Алматы қаласы Алмалы ауданы «АМАNАТ» партиясының кеңесшісі – Л.Н. Лебедов, Алматы қаласы «Almaty-Adaldyg Alany» жобалық кеңесінің жоба үйлестірушісі – А.И. Братенков, Алматы қаласы бойынша Полиция департаменті жеке құрам бойынша инспекцияның аға инспекторы – А.С. Нурсапаның қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті нығайту мақсатында Р.Б. Супугалиев сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөніндегі талаптарды түсіндірді. Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті тәрбиелеу бойынша профилактикалық жұмыстың мәні мен маңыздылығына назар аударды.
Кездесу барысында Ш.М. Турдуев, мемлекеттік қызметшілердің азаматтармен мінез-құлқының негізгі стандарттары, қызметтік қатынастарда әріптестермен іскерлік этикетті сақтау және қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық ережелерін сақтау қажеттілігі туралы атап өтті.
А.И. Братенков Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын түсіндіріп, күн тәртібіндегі мәселе бойынша видеорликпен таныстырды.
Л.Н. Лебедов «АМАNАТ» партиясының бағыттарының бірі – мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің атқарып жатқан жұмыстарымен бөлісті.
Сонымен қатар А.С. Нурсапа Алматы қаласындағы мемлекеттік қызметшілердің Жол қозғалысы ережелерін бұзуы бойынша статистикалық деректерді ұсынып, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің құқықтары мен міндеттерін түсіндірді, сондай-ақ жол жүрісі саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін қарастырылған жауапкершіліктерді атап өтті.
Кеңеске қатысушылар сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу жолдарын, жолдардағы түрлі өмірлік жағдайларды талдап, пікір алмасты.
Кеңес қорытындысы бойынша Департаменттің қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің, Жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтау және заңда тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауаптылық көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеу тапсырылды.
ҚР ТЖМ ӨҚК Алматы қаласы бойынша департаменті