
2023 жылдың 19 сәуірінде «SARYARQA» телеарнасында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Т. Әбілқасымов, Қарағанды қаласы Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің және Қарағанды облысы ТМД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының өкілдерімен «Газ баллондарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары мен алдын алу» тақырыбында брифингке қатысты. Тұрақты автомобиль газ құю стансаларында автокөлікте пайдалануға арналмаған газ баллондарын толтыруға жол бермеу мақсатында газ баллондарын қауіпсіз пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылды.
Брифинг барысында А.Т. Әбілқасымов газ баллондарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы айтып берді.
Соңғы уақытта республика бойынша газ баллондарын пайдалануға байланысты жарылыстар мен өрт жағдайлары жиілеп кетті. Себептердің бірі – газ баллондарын тиісті тексерусіз босату.
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағына сәйкес тұрмыстық баллондарға сұйытылған мұнай газын құю және бөлшек саудада өткізу тұрмыстық баллондардың жарамды техникалық жай-күйін қамтамасыз ету жөніндегі міндет жүктелген газ толтыру станцияларында немесе пункттерде қатаң түрде жүзеге асырылуға тиіс.
Сонымен қатар, «Әкімшілік құқық бузушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 170 және 306-бабтарына сәйкес, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзған автомобиль газ құю стансаларының иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
ҚР ТЖМ ӨҚК Қарағанды облысы бойынша департаменті