«Автогаз Трэйд» ЖШС газ толтыру станциясында аварияға қарсы жаттығу өтті

«Автогаз Трэйд» ЖШС газ толтыру станциясында аварияға қарсы жаттығу өтті

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторлары «Автогаз Трэйд» ЖШС газ толтыру станциясында «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС Оңтүстік Қазақстан филиалының өкілдерімен бірлесіп аварияға қарсы жаттығуға қатысты.

Аварияға қарсы жаттығудың мақсаты объектінің авария мен инциденттерді жоюға дайындығы, жою кезінде персоналдың іс-әрекеттерін білуін тексеру, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету болып табылады.

Аварияны жою жоспарына сәйкес «Газ толтыру станциясы қызметкерлерінің көміртегі тотығымен улану кезіндегі әрекеттері» ұстаным таңдалды.

Ұйымның №1 бақылаушысы сорғы-компрессорлық бөлімшесінде (СКБ) «Цехтегі газдануды» рация бойынша дер кезінде хабарлады, содан кейін оператор авариялық түрде СКБ жұмысын тоқтатып, газ толтыру станциясының шеберіне болған оқиға туралы хабарлап ғимаратты босатты. Рация бойынша хабарлама келіп түскеннен кейін, газ толтыру шебері газ толтыру станциясының басшысына және №1 күзет бекетіне оқиға туралы дереу хабарлады.

Газ толтыру станциясының басшысы авария болған жерге келіп, газдалған аймақтан эвакуацияланған қызметкерлерге бақылау жүргізді.

№1 бекеттің күзетшісі, хабарлау схемасына сәйкес, кәсіпорынның басшылық құрамына орын алған авария туралы хабардар етіп, авариялық-құтқару қызметін шақырып, персоналды газ толтыру станциясының аумағынан төтенше жағдай кезінде жиналатын орынға кедергісіз эвакуациялау үшін қақпаны ашты.

№2 бекеттің күзетшісі авария болған жерге келіп, қоршауды қамтамасыз етті.

Барлық ғимараттардан, оның ішінде әкімшілік-тұрмыстық корпустан эвакуациялауды аяқтау мен персоналды шақыру жүргізілді, бір қызметкердің жоқтығы анықталды.

Рация бойынша хабарлама келіп түскеннен кейін объектінің аумағындағы «КӘАҚҚ РОШ» ЖШС Оңтүстік Қазақстан филиалының әскерилендірілген қызметінің қызметкерлері дереу оқиға орнына барып, жауынгерлік өрістетуді жүргізіп, газдалған ғимаратта жәбірленушіні іздеуге кірісті. Жәбірленушіні таза ауаға шығарып, дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетіп, әрі қарай емдеу мекемесіне тасымалдау үшін медицина қызметкеріне тапсырды.

Газ толтыру станциясының барлық қызметкерлері апварияны жою жоспарына сәйкес әрекет етті. Оқу дабылының нәтижелері бойынша жауынгерлік есептеуді экипировкамен және жабдықтармен жарақтандыру бөлігінде тиісті ұсыныстар мен ескертулер берілді.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Алматы облысы бойынша департаменті