«Meerbusch» ЖШС профилактикалық бақылау жүргізу нәтижелері

«Meerbusch» ЖШС профилактикалық бақылау жүргізу нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен 2023 жылғы бірінші жартыжылдыққа арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес, «Meerbusch» ЖШС-нің қауіпті өндірістік объектілеріне профилактикалық бақылау жүргізілді.

Кәсіпорын «Құлжан» кен орнында көмірсутек шикізатын өндіреді, сонымен қатар өндірілген көмірсутек шикізатын сақтау, тасымалдау және сатумен айналысады.

Профилактикалық бақылау барысында 85 нысан (газ пункті, мұнай жинау кешені, мұнай дайындау қондырғысы, химия лабораториясы, қысыммен жұмыс жасайтын ыдыстары және ұңғымалар) тексеріліп, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 22 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акті және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралып, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті