
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен 2023 жылғы бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Құю-механикалық зауыты, механикалық цехы қауіпті өндірістік объектілерінде профилактикалық бақылау жүргізілді.
Кәсіпорынның негізгі қызметі жөндеу, қосалқы бөлшектер мен жабдыққа арналған тораптар жасау болып табылады.
Профилактикалық бақылау барысында 26 объекті (ғимараттар мен құрылыстар, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар, жүк көтергіш механизмдер, конвейерлер, қатайтуға арналған электр пештері) тексеріліп, бұл ретте Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының 38 бұзылуы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акті және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Қара, түсті, бағалы металдардың балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» және «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ ҚПБ Ұлытау облысы бойынша департаменті