«Қара-Яз» ЖШС профилактикалық бақылау нәтижелері

«Қара-Яз» ЖШС профилактикалық бақылау нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен 2023 жылғы бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес, «Қара-Яз» ЖШС қауіпті өндірістік объектілерінде профилактикалық бақылау жүргізілді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі өсімдік шикізатын сақтау және өңдеу болып табылады.

Профилактикалық бақылау барысында өсімдік шикізатын сақтау және өңдеу объектілері тексеріліп, бұл ретте Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 14 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акті және анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді.

Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде «Өсімдік шикізатын сақтау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті