
Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасы бойынша уәкілетті органдармен бірлесіп «Тау-кен металлургия кәсіпорындарында өндірістегі қауіпсіздік» жобасы іске асырылуда. Бұл жобаның мақсаты – облыстың қауіпті өндірістік объектілерінде жарақаттану мен жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша шоғырландырылған шаралар қабылдау.
Осы жобаны іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында кеңес өтті, онда өндірістік жарақаттарды барынша азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ бірлескен күш-жігермен шешілуі тиіс өзекті мәселелер талқыланды. Кеңеске облыстың тау-кен металлургия кәсіпорындарының өкілдері, сондай-ақ қызметі өндірістік жарақаттану жағдайларын болдырмауға бағытталған мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетітің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Болатқан Рамиль тау-кен металлургия өнеркәсібі саласының қауіпті өндірістік объектілеріндегі авариялылық пен жарақаттанудың жай-күйі туралы баяндама жасады.
Жобаны одан әрі іске асыру мақсатында Департаменттің қызметкерлері жұмыс тобына кірді.
ҚР ТЖМ ӨҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті