Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті және оның аумақтық департаменттері көмірсутек шикізатын өндіретін ұйымдарды және ұңғымаларды бұрғылау мен жөндеуді жүзеге асыратын ұйымдарды қадағалауды жүзеге асырады.
Қазақстандағы көмірсутек шикізатының негізгі «жеткізушілері» еліміздің батыс аудандары мен Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары болып табылады.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта Павлодар (Ертіс жанындағы учаскеде, П1 және П2 ұңғымасы), Түркістан (Придорожное кен орны) және Маңғыстау (Каспий теңізіндегі Жеңіс учаскесі, V-1 ұңғымасы) облыстарында көмірсутек кен орындарын зерттеу және көмірсутек кен орындарын бағалау бойынша геологиялық барлау жұмыстары жүргізілуде.
Комитетке мұнай-газ саласында 221 мұнай-газ ұйымы, атап айтқанда: мұнай және газ өндіру бойынша – 117 және ұңғымаларды бұрғылаумен және жөндеумен айналысатын – 94 ұйым қадағаланады.
Қадағалау объектілерінің саны 96 294 бірлікті құрайды, оның ішінде ұңғымалар қоры 42 197 бірлікті құрайды, оның ішінде пайдалану объектілері – 23 532, консервациялауда – 1 916, жоюда – 9 443, айдау, су жинау, бақылау – 7 306 ұңғыма. Ұңғымаларды бұрғылауға және жөндеуге арналған қондырғылардың саны 614 бірлікті құрайды (қадағалау объектілерінің саны 1 313).
Қазақстан Республикасының аумағында ең ірі мұнай-газ өндіруші компаниялар:
- Атырау облысында: «Теңізшевройл» ЖШС, «Ембімұнайгаз» АҚ, NCOC филиалы (North Caspian Operating Company N. V./ North Kaspian Operating Company N. V. филиалы), «Қожан» АҚ;
- Батыс Қазақстан облысы: «Карашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в.» Қазақстан филиалы» АҚ , «Жайыкмұнай» ЖШС;
- Қызылорда облысы: «ТорғайПетролеум» АҚ, «ПетроКазахстанКумкольРесорсиз» АҚ, «ҚазГерМұнай» БК ЖШС, «СНПС «АйданМұнай» АҚ, «Кұмкөл Транс Сервис» ЖШС, «Куатамлонмұнай» БК ЖШС;
- Маңғыстау облысы: «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ, «ӨзенМұнайГаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «ҚаракудыкМұнай» ЖШС, «Бузачи Оперейтинг Лтд» КФ;
- Ақтөбе облысы: «Казахтуркмұнай» ЖШС, «СНПС «Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Казахойл Ақтөбе» ЖШС, «Сагиз Петролеум Компани» ЖШС;
- Шығыс Қазақстан облысы: «Тарбағатай Мұнай» ЖШС;
- Жамбыл облысы: «Амангельды Газ» ЖШС болып табылады.
Мұнай-газ объектілерінде бұрғылаумен «ИБК СиБу» ЖШС, «ҚазМұнайГаз – Бұрғылау» СБП ЖШС, «Тұлпармұнайсервис» ЖШС, «Бұрғылау» ЖШС, «ККБК Великая стена» ЖШС, «Шығыс мұнай және сервистік қызмет көрсету» ЖШС, «Батыс Мұнай С Групп» ЖШС, «Оңтүстік Мұнайгаз» АҚ, «Мұнай Сервис ЛТД» ЖШС, «КИОС» ЖШС, «Акпан» ЖШС, «МНСК СИНОПЭК Казахстан» ЖШС компаниялары және басқа компаниялар айналысады.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығына бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу тізіліміне сәйкес 53 тексеру жоспарланған (Ақтөбе облысы – 10, Атырау облысы – 12, Маңғыстау облысы – 19, Батыс Қазақстан облысы – 6, Қызылорда облысы – 6).
Сонымен қатар, «Таза парақтан» реттеу шеңберінде кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды талдау нәтижелері бойынша Комитет «Мұнай және газ өнеркәсібі салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары», «Мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды пайдалану және жөндеу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары», «Газдарды дайындау және қайта өңдеу бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» және «Теңізде мұнай операцияларын жүргізуді жүзеге асыратын қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары» қайта қаралып, тиісті өзгерістер енгізді.
Есепті кезеңде мұнай-газ саласының қауіпті өндірістік объектілерінде 1 авария тіркелді.
ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті