
«Елдің құрылыс объектілерінде жүк көтергіш механизмдердің (мұнара крандарының) операторларына байланысты өндірістік жарақаттанудың алдын алу және өлім-жітімді азайту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған жол картасына» сәйкес Қызылорда облысының әкімдігінде Қызылорда облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Қызылорда облысының Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы қызметкерлерінің және облыстың құрылыс алаңдарында жүк көтергіш механизмдерді пайдаланатын ұйым өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.
Кеңестің мақсаты – авариялар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу бөлігінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру.
Кеңес барысында жүк көтергіш механизмдерін пайдаланатын ұйымның иелері мен өкілдеріне құрылыс және басқа да өндірістік алаңдардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Жүк көтергіш механизмдерін пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы басқа да нормативтік-құқықтық актілерді басшылыққа алу қажеттігі туралы жеткізілді. Кеңеске қатысушылар өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдарын талқылады.
Қорытындылай келе Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша Департаментімен жүк көтергіш механизмдерін пайдаланатын ұйымның иелері өз қызметкерлері үшін Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды.
ҚР ТЖМ ӨҚК Қызылорда облысы бойынша департаменті