«Аманат Газ» ЖШС профилактикалық бақылау нәтижелері

«Аманат Газ» ЖШС профилактикалық бақылау нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес, «Аманат Газ» ЖШС қауіпті өндірістік объектілерінде профилактикалық бақылау жүргізілді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі сұйытылған көмірсутек газды қабылдау, сақтау және жеткізу болып табылады.

Профилактикалық бақылау барысында 20 объекті (газ сақтау станциясы, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстар, резервуарлар және басқалары) тексеріліп, бұл ретте, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 15 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акті және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарына, оның ішінде: «Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптары» түсіндірілді.

 

РҚ ТЖМ ӨҚК Абай облысы бойынша департаменті