
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен 2023 жылғы бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес, «Қамқор Локомотив» ЖШС-де қауіпті өндірістік объектілерінде профилактикалық бақылау жүргізілді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі сервистік (техникалық) қызмет көрсету, локомотивтер мен мамандандырылған жылжымалы құрамды күрделі жөндеу, сондай-ақ доңғалақ жұптарын, электр машиналарын және тартқыш жылжымалы құрамның басқа тораптарын жөндеу болып табылады.
Профилактикалық бақылау барысында 79 объекті (бу қазандықтары, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар, жүк көтергіш механизмдер, компрессорлық станциялар) тексеріліп, бұл ретте Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 12 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акті және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізіліп, тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының», «Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
ҚР ТЖМ ӨҚК Ақмола облысы бойынша департаменті