
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Абай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен 2023 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес, «ВостокУгольПром» ЖШС филиалының қауіпті өндірістік объектілерінде профилактикалық бақылау жүргізілді.
Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі көмірді өңдеу және байыту болып табылады. Нысан «Қаражыра» АҚ көмір разрезінің аумағында орналасқан.
Профилактикалық бақылау барысында СК-700 ұсақтау-сұрыптау қондырғысы, ДСОК-1000 ұсақтау-сұрыптау байыту кешені, FGX – 24a көмірді құрғақ байыту фабрикасы және техникалық құрылғылар тексерілді. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 11 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акті және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Профилактикалық бақылау қорытындылары бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда профилактикалық бақылау барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарына, оның ішінде: «Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.
РҚ ТЖМ ӨҚК Абай облысы бойынша департаменті