«Эфес Қазақстан» Шетел Кәсіпорыны АҚ профилактикалық бақылау жүргізу нәтижелері

«Эфес Қазақстан» Шетел Кәсіпорыны АҚ профилактикалық бақылау жүргізу нәтижелері

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторларымен 2023 жылғы бірінші жартыжылдыққа өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу тізіміне сәйкес, «Эфес Қазақстан» Шетел Кәсіпорыны АҚ қауіпті өндірістік объектілеріне профилактикалық бақылау жүргізілді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі түрі сыра өндірісі болып табылады.

Профилактикалық бақылау барысында 11 объекті (бу қазандықтары, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар (ауа жинағыш), сұйық көмірқышқыл газын сақтайтын ыдыстар, мазут сақтауға арналған резервуарлар) тексеріліп, бұл ретте Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарының 2 бұзушылығы анықталды. Мемлекеттік инспекторлармен профилактикалық бақылау нәтижелері туралы акті және анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді.

Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша кәсіпорын өкілдерімен кеңес өткізілді, онда тексеру барысында анықталған бұзушылықтар қаралды, оларды жою мерзімдері талқыланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының, оның ішінде: «Қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының» талаптары түсіндірілді.

 

ҚР ТЖМ ӨҚК Қарағанды облысы бойынша департаменті