
2023 жылғы 07 сәуірде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мемлекеттік инспекторы «2023 жылға арналған оқу дабылдары мен апатқа қарсы жаттығулардың бекітілген жоспарына» сәйкес «Қостанай минералдары» АҚ қауіпті өндірістік объектісінде оқу дабылына қатысты. Оқу дабылының тақырыбы: «Автожанармай құю станциясындағы мұнай өнімдерінің төгілуі».
Оқу дабылы жұмыскерлерді авария, қауіпті өндірістік объектілерде оқыс оқиға болған жағдайда іс-әрекетке үйрету және авариялық жағдай туындаған кезде қажетті дағдыларды игеру, сондай-ақ шұғыл қызметтер мен инженерлік-техникалық жұмыскерлердің аварияны жоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізілді.
Оқу дабылының нәтижелері бойынша қызметкерлердің іс-әрекеттеріне талдау және бағалау жүргізіліп, тиісті ұсыныстар мен ескертулер берілді.
ҚР ТЖМ ӨҚК Қостанай облысы бойынша департаменті